Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері жастарымен ZOOM платформасы арқылы кездесті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері қаламыздағы жастарымен ZOOM платформасы арқылы мәжіліс өткізді.

 Мәжілістің күн тәртібінде жоғарғы оқу орындарындағы Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және сол бағытта атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

«Нұр Отан» пар­тия­сы­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек.

Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген. Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. 

Жастардық сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруда жоғары және арнаулы оқу орындарында ашылған «Адалдық алаңы» мен «Парасаттылық мектебі» жұмысының тиімділігі мен жұмысының негізгі бағыттары, нәтижесі тыңдалды.

Мәжіліс барысында жастар тарапынан ұтымды пікірлер айтылып, алда атқарылатын жұмыстар сараланды.