Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында айқындалған.
Шымкент қаласында қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданған.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру үшін 7–9 сынып оқушыларында 77 260 баланы қамтыған «Адал Ұрпақ» клубы ашылған.
Колледж деңгейінде академиялық адалдық «Саналы Ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда.
Беделді қоғам құру үшін қаланың барлық мектептері мен колледждерінде сатушылары жоқ «Адалдық дүкені» ашылған.
Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2020 жылы қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің қолдауымен қала театрларында «Двойник» және «Қол» атты психологиялық қойылымдары көрсетілген.
Қазіргі таңда, бұл бағытта жұмыстар тұрақты жүзеге асырылуда.