СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ АДАЛДЫҚ САҒАТЫН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТКІЗДІ

Жастардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және  парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» акциясын өткізуде.

Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.

Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.

Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орындары және  30 колледждердің 1-курс студенттері мен үшінші мегаполистегі барлық 147 мектептің 9-11 сынып оқушылары қамтылды.

Екі тілде Агенттіктің Youtube-арнасы мен Департаменттің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында өткен бейне-дәрістер бойынша  «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері мен студенттер, оқушылар өз пікірлерін білдірді. 

Шын мәнінде, ақынның артында қалған еңбектері мен өмір жолына қарап «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп толық айтуға негіз бар. Ол мұраны қазіргі ұрпақ өмір сүрудің негізгі қағидасына алу қажет» — дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәкен Мәжінбеков.

Адалдық сағатына қатысты өз ойын білдірген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Ұлы Абай әр қазақты парасаттылыққа, адалдыққа, патриоттылыққа шақырғанын жеткізіп, жастарымызға әрқашан ақын еңбегін насихаттап отыруға шақырды.

Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.