Орталық мамандарының айтуынша, осы айда орталыққа 1171 қоңырау шалынған. Тұрғындардың 118-і – ораза, 286-сы – құлшылық, 196-сы – отбасы, 25-і – теріс ағымдар, 178-і – несие-қарыз, сауда-саттық, қалған 368-і әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша хабарласқан. Одан бөлек орталықтың әлеуметтік желілері арқылы да бірнеше сұрақ қойылған.
Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен наурыз айында ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықтың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.