«ШЫМКЕНТКЕ 2200 ЖЫЛ» УАҚЫТ КЕРУЕНІ

«Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта өткен салтанатты кеште Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі.

Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды.

Нұрайым Шақимергенқызы — Жастар маслихаты депутаты

Айта кетейік,керуен қоржынына қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап жібереді. Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы да салынатын болады.   Сондай ақ халықтың тілегі толтырылып Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады.

Ханзада Есенова – Шымкент қалалық Мәдениет басқармасының басшысы

Іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті.

Шыңғыс Мұқан — Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Осымен жетінші рет ұйымдастырылған сенбілік акциясы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

НазкенCкандар