ЖОЛ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Биыл мегаполистің 256 көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның 225-і орташа, алтауы күрделі жөндеуден өтуде. Оған 26,9 миллиард теңге қаралған. Қазіргі таңда, 256 көшенің 90 пайызы пайдалануға берілген. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. «Жол акивтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы жыл басынан бері мыңнан астам кемшілік анықтапты. Қателік қайдан кетті?

Шымкент қаласында  97 шағын аудан, 2129 көше бар.  Оған  ащ  ішектей  шұбатылып жатқан 2976 шақырым жолды қосыңыз. Биыл шаһардағы күре жолдардың 30 пайызы орташа, күрделі жөндеуден өтіп жатыр.  Оған  26,9 миллиард  теңге  қаралған. Аз емес, әрине.

Ержан Жолдасов — Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Әлемді  шарпыған «Ковид-19»  дүниені дүрмелеңге салғаны рас. Бірақ,   Шымкент қаласында жол құрылысы тоқтамады. Биыл Республикалық бюджеттен мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген қаржы 100 пайызға иегерілді. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент  еліміз  бойынша  көшбастап тұр.  Дегенмен таяқтың екі ұшы бар.  Сапа қандай?

Талғар Серікбаев – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары

 «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы талай олқылықтың бетін ашты.  Жыл басынан бері   агенттік  20 рет тексеріс жұмыстарын жүргізген.  86 қателік анықтаған. Оның  46 –сы қайта   қалпына келтірілген. Мердігер кеткен кемшілікті қайта  қалпына келтірмесе  ақша төленбейді. Тәртіп солай. Бұл талап мергігердің де мазасын қашырып отыр.   

Мердігер сөзі

 «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Шымкент қалалық филиалы жыл басынан бері  құрылыс жұмыстары жүріп жатқан  256  нысанның  186-сын  сараптамадан өкізген екен. Бір қызығы  245 нысаннан    1094 кемшілік анықталған.  Қандай дейсіз  ғой?

Мұхтар Дүйсембеков – «Жол активтері  ұлттық сапа орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалының директоры

Қателік қайдан кетті? Басты себеп  жол саласында білікті, білімді кадр тапшылығы сезіліп отыр. Мұны мұқым ел мойындайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін  «Жол активтері ұлттық сапа орталығы»  «1000-мектеп»  акциясын қолға алды.  Мақсат – жастарға мамандық таңдауға жол көрсетіп, жөн сілтеу.

Соңғы  30  жылда елімізде 80 мыңнан астам азамат жол-көлік оқиғасынан көз жұмған. Зардап шеккендер жарты миллионан асады. Оқиғаның 95 пайызына көлік жүргізушілері кінәлі екен. Негізі,  сапасыз  салынған  жолдың да себеп-салдары жығылғанға жұдырық.