МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПҚАН АҚСАҚАЛ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗДІ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ералы Жумаханбетовке мәселесі оң шешімін тапқан ақсақал алғысын жеткізді.

Ағымдағы жылы жаз мезгілінде алаяқтарға алданып қалған қария өзекті мәселесін заң аясында шешу мақсатында Шымкенттің бас полицейінің онлайн қабылдауына жазылған. Ералы Жумаханбетовтың жеке қабылдауына келген зейнеткер мән-жайды айтып, басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Онда ғаламторға жарнама беру арқылы төрт түлігін сатпақ болған ақсақал, белгісіз азаматтың келісілген қаржыны ертен алып келіп беремін деген сөзіне сеніп, екі ірі қара малын қолына ұстатып жібереді. Араға уақыт салып алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын сезіп, полициядан көмек сұрайды. Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Үмбет есімді ақсақалдың мәселесін жеке бақылауына алып, тиісті сала өкілдеріне тапсырма береді. Полиция қызметкерлері күдікті азаматтарды ұстап, қарияға тиесілі қаражаттарды қайтарып берді. Ақсақал Шымкент қаласы Полиция департаментіне арнайы хабарласып, генерал-майор Ералы Мұсаәліұлына шексіз алғысын білдірді.

Ө. Мырзабек