ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2019-2020 жылдарда атқарылған жұмыстары нәтижесінде 2019 жылы 181 қызметтің 91-і (50%) электронды форматта көрсетілсе, 2020 жылы 160 қызметтің 132-сі (83%) электронды түрде көрсетілген.

2020 жылы жылдың соңына дейін 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқа ауыстыру жоспарланған.

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда, электронды түрде қызмет көрсету 33%-ға өскен.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 2 млн. 43 мың қызметтің     1 жарым миллионы немесе 76%-ы электронды түрде көрсетілсе, 2020 жылы келіп түскен 2 жарым миллион қызметтің 2 млн. 200 мыңы немесе 86,1%-ы электронды түрде көрсетілген.

Былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен.

Қала әкімдігімен көрсетілетін қызметтер арасында әлеуметтік маңызға ие бірқатар қызмет түрлері бар, олар: білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жер, сәулет құрылыс саласы.

Бұған дейін аталған салаларда қызмет алу үшін қызметтер қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіліп, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында контакт орнау арқылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар орын алған. Осындай олқылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында қала әкімдігі осы салалардағы бірқатар қызметтерді қызмет алушыға қолайлы болуы үшін ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырды, атап айтсақ:

Білім саласы бойынша – 2019 жылы 36 қызметтің 22-сі автоматтандырылған болса, 2020 жылы 34 қызметтің 26-сы автоматтандырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша – 2019 жылы 28 қызметтің 13-і автоматтандырылған болса, 2020 жылы 25 қызметтің 20-сы автоматтандырылды.

Жер, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша – 2019 жылы               25 қызметтің 12-сі автоматтандырылған болса, 2020 жылы 17 қызметтің 16-сы автоматтандырылған.

Осы атқарған жұмыстардың нәтижесінде аталған салаларда сыбайлас жемқорлық фактілері төмендеген.