ШЫМКЕНТТЕГІ ЖОЛ САПАСЫ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласы аумағында салынып немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен » Ұлттық жол активтері сапасының орталығымен» бірлесе жыл басынан бастап, 16 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 72 кемшіліктер анықталып, оның 42 өз шешімін тапты. Қалған анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар, жобалық кеңсе тұрғындармен кері байланысты орнату мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Осыған байланысты, «Шымкент — адалдық алаңы» жобасына әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен бірнеше мәселелер өз шешімін тапты.

Мәселен, жол сапасына байланысты Абай, Еңбекші аудандарына қарасты Шарайна, Тайманұлы, М.Әуезов, Түркістан, Қапал батыр көшелерінің сапасына байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.

Сонымен қатар, Нұрсәт мөлтек ауданы және А.Байтұрсынов көшесі үйлерінде қатты жауын-шашын кезінде су басқан 4 пәтерді мердігер компаниялармен келіс сөз жүргізу арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, мәселе толығымен шешілген.

«Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар