«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсе мүшелері және Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өткізді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары жастарға кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылатындығы кеңінен айтылды.