ЖАСТАР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ECOSANA СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Айтеновтың бастамасымен, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 6-шы қорытынды кезеңі Еңбекші ауданы, Маятас шағын ауданы, «Бадам» су қоймасы аумағында өтті.

Акцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Екі айға жуық уақытта өткізілген сенбілік акциясына, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Ақпараттық коммуникация орталығы, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып 200-ге жуық белсенді жастар қатысты.

Сондай-ақ, сенбілік акциясы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандарына қарасты аумақтарды қамтып, қорытынды тазалық жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданы, «Бадам» су қоймасы аумағында күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік қорытындысы бойынша

1 орын — “ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСАЙЫҚ” ҚҚҚ- 4776.2 КГ

2 орын — “ЖАС ОТАН” ЖҚ- 3241 кг

3 орын — “Лига волонтеров» клубы — 2429,6 кг жинап жеңіске жетті

Жалпы акция соңына дейін 27 мың килограмм қоқыс жиналған.