ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкенттегі жолаушы тасымалымен айналысатын шағын серіктестіктер иелері қыспақ көріп жатырмыз –дейді. Себебі тасымалға арналған конкурстар тек ірі компанияларға бағытталып жатқан көрінеді. Осы мәселені алға тартқан кәсіпкерлер шұғыл бас қосты. түйіткілдің түйінін Шымкент қалалық Кәсіпкер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында тарқатуға тырысты.

p>Кеңесте мемлекеттік органдардың тасымалдаушыларды еркін бәсекелестікке мүмкіндігінен шектеу мәселесі  сөз болды. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының қарауында  «Южавтотранс» қауымдастығы нысаны және бір топ кәсіпкерлерден түскен өтініштер қаралды.

Қайрат Акенов —  Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Бүгінгі таңда аталған схема мәслихатпен бекітілмеген, Кәсіпкерлер палатасымен сараптамалық қорытынды берілмеген. Алайда Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастамасымен 2020 жылғы 23-ші қыркүйекте 41 бағтқа конкурс жариялаған.

Тасымал компаниялардың алға тартқан мәселелері мынадай. Маршруттың бекітілмеген схемаларына конкурс заңсыз жарияланған. Кәсіпкерлік субьектілері еркін бәсекелестік мүмкіндігінен айрылған. Сонымен қатар жаңа маршруттар қосылған жағдағдайда ескі бағыттармен беттесу орын алады екен.   

Дархан Каюпов – «Южавтотранс»  қауымдастығының төрағасы

Біз жолаушы тасымалы саласындағы азаматтар қазіргі жағдайда өзіміздің бизнесімізді тоқтатуға мәжбүр болып отырмыз. Бізді бір мәселе күйзелтіп отыр. Оптимизация деп үлкен мекеме маршруттарды өзгерту туралы жұмыс өтті. Бізде пасажиропоток деген бар.

Қайыпбек Қамбаров – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі

Біз қарап отырсақ монополицация мәселесі болып тұр. Біз шағын және орта бизнесті қалай дамытамыз.

Өзекті мәселені қызыл кеңірдек боп талқылаған кеңес мүшелері орын алған олқылықтарды жан жақты зерделеуге тырысты. Десекте ортақ меселенің нүктесін Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қойды. Оның айтуынша конкурс жариялау кезінде ешқандай заңбұзушылық орын алмаған.

Мұқтар Қоқанбаев – Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

Негізгі үш сұрақ көтеріліп отыр. Бұл жерде конкурсный схема белгілегенмен ҚР заңына сәйкес жергілікті атқарушы органға өкілеттілік берілген. Соған сәйкес конкурс жарияладық.

Талқылау кезінде таяқтың бір ұшы тасымал компания өкілдеріне де тиді. Шағын кәсіпкерлер өз ара ауызбірлік нығайту  керектігі сөз болды. Бірлесіп кеңес құрып күрделі мәселелерге өздеру  араласу керектігі айтылды. Дегенмен бұл мәселе алдағы уақытта әліде талай  талқыланатын  сыңайлы.

К. Дүйсенбі