ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласында көмір қышқыл газынан улану жағдайларының алдын алу мақсатында қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы аумағы жеке тұрғын үй секторында газ қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлерімен бірлесе тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй секторын аралау кезінде тұрғындар өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтар қойып, білікті мамандардың кеңестерін алды.

Мамандар, қала тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұрайды.

Егер де, газ құрылғыларынан ақау анықталған болса немесе жағымсыз иіс шықса шұғыл түрде 104 нөміріне хабарласу қажет.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі