ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге (сырғалау, таңба басу) міндетті.
Ол үшін Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-на бірдейлендіру туралы жазбаша өтініш қалдыру тиіс. Осыған сәйкес аталған кәсіпорынның ветеринариялық дәрігерлері жануарларға құлақ жапсырмасын тағады, таңбалайды және ветеринариялық төлқұжат береді.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңба басу) жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.
ЕСКЕРТУ!
Жаңадан сатып алынған жануар, туылған төл және оның сойылғаны, өткізілгені туралы ветеринариялық дәрігерге хабарлауға міндетті!
Қаперлеріңізде болсын, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабына сәйкес жеке қожалықтарыңыздағы ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендірілмеген жағдайда мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Ақпарат көзі Шымкент қаласы әкімдігінің facebook-тағы парақшасынан алынды.