ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасы аясында қолға алынып отырған «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық шарасы ерекше ұйымдасытырылды.
Дер кезінде өткізілген акция қаншама науқас жандардың дертіне шипа болып, көмегін тигізіп жатыр.
Жалпы, ұйымдастырылған қайырымдылық шарада 33 дана оттегі концентраторы шет елден арнайы тапсырыспен алынып, Шымкент қаласы, Асар мөлек ауданында Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты жаңадан салынған қалалық инфекциялық ауруханасына 9 дана, №14 ауруханаға 5 дана, қалалық инфекциялық ауруханаға 9 дана, №2 қалалық «Оңалту орталығына» МКК-не 3 дана, №1 қалалық клиникалық ауруханасына 4 данасы үлестірілді. Және қала бас имамының шешімімен «Шымкент» медресе колледжінің медециналық бөліміне 3 данасы берілді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы игі шараның басы-қасында жүріп, қол ұшып беріп, үлес қосқан қайырымды жандарға арнайы алғысын білдірді.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен індет кесірінен ауруханаларда жатқан науқастардың дәрі-дәрмектеріне қаржылай және өзгеде қажеттіліктеріне сәйкес көмектер берілді. Және бірнеше мыңдаған қол қап, маска, қолға себетін антисептикалық сұйықтық, қорғаныш заттары т.б, үлестірілді.
Жалпы, бұл бағыттағы қайырымды һәм сауапты жұмыстар жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі: haqjoly.kz