Мемлекеттік органдардың НҚА жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін 2 қарашадан бастап қабылданады

Енді НҚА жобаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 93 сарапшының жіті қадағалауында.

Азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуы Мемлекет басшысының НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасына жұртшылықты кеңінен тарту жөніндегі тапсырмасын толыққанды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру халықаралық талаптарға толығымен сәйкес келеді және азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға және оны барынша азайтуға тартудың катализаторы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуға ниет білдірген тұлғалардан 211 өтініш келіп түскен. Конкурстық іріктеудің маңызды кезеңі тестілеу болды, оның қорытындысы бойынша тек 97 кандидат шекті баллдан жоғары жинаған – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Конкурстық іріктеудің қорытынды кезеңі оған жіберілген кандидаттардың сапалық құрамын көрсетті, өйткені 97 кандидаттың 93-і әңгімелесуден сәтті өтіп, сарапшылар тізіліміне қосылды.

Сарапшылардың сапалық құрамы 37%-ы ғылым докторы, ғылым кандидаттары және Phd докторлары, 23%-ы магистр дәрежесіне ие.

Ағымдағы жылы 2 қарашадан бастап бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін мемлекеттік органдардың НҚА жобаларын қабылдауды бастайтынын еске саламыз.

Әзірлеуші органдардан тек бірінші күні ғана 77 НҚА жобасы келіп түскен.