Бүгін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі «Зайырлы ұстанымдарды қамтамасыз ету» тақырыбында дін саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің басшыларына арналған әдістемелік семинар өтті.
Шараға Дін істері комитеті, Дін істері басқармасы және діни мәселелерді зерттейтін коммуналдық мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында тараптар пікір алмасып, нәтижесінде қатысушыларға зайырлы ұстанымдарды қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар берілді.