Шымкенттің көшелерін қыста қардан тазалау үшін 182 техника мен 670 жұмысшы сақадай сай тұр. Сонымен қатар, көк тайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры да жеткілік. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді. Жалпы, қыс мезгілінде 32 бағытта 299 көшеде жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.
Қысқы маусымға қайта-қайта дайындықтарын пысықтап жатқан төтеншеліктер, жауапты мекемелермен тиісті жұмыстарын жандандыруда. Шымкенттің көшелерін қыста қардан тазартып, құм себу жұмыстарына 5 бірдей мердігер мекеме жұмылдырылып отыр екен. Олар 32 бағытта ұзындығы 1012,16 шақырымды құрайтын 299 көшеде жұмыстар жүргізеді деп жоспарлануда.
Мадияр Жақсыбаев — Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары
Қыс мезгілінде қаланың көшелерін қардан аршып, құм себу жұмыстарына жалпы 182 техника мен 670 жеке құрам жұмылдыруда. Сондай-ақ, инертті материалдардың қоры да жеткілікті көрінеді. Нақтырақ айтар болсақ, 17217 м3 – құм, 5000 тонна тұз қоймада тұр дейді Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев. Сондай-ақ, тұрғындар өз өмірлеріне бей-жәй қарамай табиғи газ бен пештерді пайдаланғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаса дейді.
Мадияр Жақсыбаев — Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары
Қала аумағында жалпы ұзындығы 34 шақырым республикалық маңызы бар жолдар өтеді. Осы орайда қалалық Полиция департаменті ауа райы нашарлаған жағдайда жол қозғалысын тоқтату үшін 3 бағытта жұмыс жасауға дайын. Ал, төтенше жағдай кезінде жолда қалып, зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 жиналу эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілуде.
Ақпарат көзі шымкенттв.кз