Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «АлемСтрой – 1» ЖШС-і абаттандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанды аралап көрді. Бүгінде демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.
Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі