15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өз таңдауыңыз бойынша қалаған емханаңызға тіркелуге болады. Қаламызда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына тіркелу науқаны бір айдан бері жүргізілуде. Ал, сіз тіркеліп үлгердіңізбе? Ендеше, назарларыңызға арнайы медициналық орталықтың бірін ұсынамыз..
№14 емдеу орталығы биылғы жылдың қаңтар айында ашылып, жоғарғы дәрежеде қызмет көрсететін медициналық мекемелердің қатарына кіріп отыр. Жаңа аппараттар, білікті дәрігерлер, тазалық, қатаң талап барлығы да осы жерде. Жыл басынан бері емдеу орталығына он алты мыңға жуық адам тіркелген. Барлығы да денсаулығына қажетті қызмет түрлерін өз уақытында және тегін алуда.Айта кетерлігі емхананы таңдау науқаны 2 ай.
Нұрбол Абдуллаев – Шымкент қаласының тұрғыны 14 емдеу орталығының аймақтық дәрігері
Жалпы сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде ем алуға құқылы. Ал жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы шарт.№14 орталық емханасына тіркелушілер бір ғана өзін растайтын төлқұжатымен келіп, көптеген қызмет түрлерін ала алады.
Фарида Азатбаева — Шымкент қаласының тұрғыны
№14 емдеу орталығыбарлық жеке сала мамандарымен қамтылған. Айтап айтсақ, окулист, отолоринголог, ревматолог, акушер, гинеколог, педиатр, невропотолог, кардиолог, хирург, уролог, психолог, социолог. Күндізгі стационар бөлімі, физиотерапия бөлімі, Функционалдық диагностика УЗИ аппараты, Цифрлық рентген аппараты, кольпоскоп, сургидрон құрылғыларымен қамтылған.
Сәуле Мамырбекова – Шымкент қаласы №14 емдеу орталығының аймақтық дәрігері
Медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы азаматтарға ыңғайлы жағдай тудырады. Себебі, әрбір тұлға денсаулықтың маңыздылығын түсінеді. Және өзінің және отбасының саулығын білікті мамандардың қолына тапсырғысы келеді. Сол себепті Аймауытов көшесінің бойында орналасқан №14 емдеу орталығы тәжірибелі, білікті дәрігерлермен бірге барша Шымкент қаласының тұрғындарына сапалы қызмет түрін көрсетуде аянбай еңбек етпек.
М. Жорабай