ШЫМКЕНТ: 250 ГЕКТАР АУМАҚҚА ОРМАН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл белдеу» мекемесінің мамандары биыл 250 гектар аумаққа орман патологиялық тексерулерін жүргізген. Сондай-ақ, орман өртінің алдын алу мақсатында мың гектарға жуық жер учаскесінің 30 шақырымына минералды жолақ жүргізген. 

70 гектар жер жыртылып, 60 гектар аумақтағы ағаштар кесіп, кесілген шырпылар сыртқа шығарылған. 20 гектар аумаққа суғару арықтары жасалған және 25 гектарға егілген көшеттер арасы қопсытылған. Ал 25 гектар жерде арам шөптер шабылған.

Бүгінде 396 га жер учаскесі толығымен жыртылып, ағаш егуге жер дайындалған.

Сонымен қатар, «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ-не қарасты орман тұқымбағында егілген ағаш-көшеттерге күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. 9 ай көлемінде жалпы 2 га жерге суғару, арам шөптерден тазарту және минералды тыңайтқыш енгізілген. Атап айтқанда, 500 кг емен тұқымы 0,3 га жерге себілді, 80 кг қарағаш тұқымы жиналып, 0,5 га жерге себілді, 200 кг өрік, 20 кг шабдалы, 5 кг шие (черешня), 2 кг алма және 5 кг алмұрт, қара өрік 5 кг, бадам 80 кг, тау пістесі 10 кг, емен 850 кг, сумах 20 кг, катальпа 35 кг, гледичия 10 кг, боз арша 3 кг тұқымдары жиналды.

Одан өзге, басқарма мамандарының мәліметінше, 11 га алып жатқан Шымсая шатқалында да егілген ағаш-көшеттерге күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.  

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі