Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүзеге асыруда қоғамның қатысуы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, Президент бұл мәселеге қоғамды тарту маңызды екендігін атап өтті. Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге және елдегі ағымдағы ахуалдың проблемалық мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Агенттік жанында жұмыс жасайтын Арнайы мониторингтік топтың қызметі қазақстандықтардың өмір сүру салаларының көпшілігін қамтитындықтан біз мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігіне қол жеткізу мәселелеріндегі жақсаруларды байқап отырмыз.

Сыбайлас жемқорлықты төмендетуге қоғамда жеке үлесін  қосқысы келетін әлеуметтік белсенді азаматтар саны жылдан-жылға артып келе жатқандығын көреміз.

Атап айтқанда, қоғам белсенділерінен құрылған жұмысшы топ: ТЖ кезеңіндегі әлеуметтік-маңызды объектілердің мониторингі (дәріханалар, дүкендер, сондай-ақ блок-бекеттер), сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, білім беру, жол, сумен жабдықтау, әлеуметтік саланың мониторингіне қатысты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заң негізінде жүзеге асырылатын болады.