Еліміздегі карантин жағдайында денсаулықты сақтау және нығайту жолында белсенді іс-әрекеттерді әрбір азамат жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын жүзеге асырғаны жөн.
Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекет және Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қатаң шаралар қабылдануда.
Шымкент қаласы әкімдігі қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, ауырып ем іздегенше, сақтық шараларын бұлжытпай орындап, ауырмаудың жолын іздеуге күнделікті шақыруда.
Осы тұрғыда, қазіргі таңда, белең алып отырған пневмонияның алдын алу үшін;
1. Салауатты өмір салтын ұстану: дене шынықтыру және спортпен айналысу, таза ауада жиі серуендеу.
2. Микроэлементтер ақуыздары, витаминдер жеткілікті салауатты және толыққанды тамақтану.
3. Тұмауға қарсы егу керек, өйткені пневмония жиі тұмаудың асқынуы болып табылады.
4. Бөлмелерде желдету және ылғалды жинау режимін сақтау.
5. Қолды жиі жуу.
6. Тұмау ауруы көтерілгенде науқас адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, тыныс алу органдарын қорғау үшін масканы пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту ұсынылады.
7. Салқындаудан және басқа стресстік факторлардан аулақ болу: өкпе тініне шаң, бензол булары немесе басқа күшті әсер ететін химиялық қосылыстар жұту өте зиянды.
8. Иммуномодуляциялық, вирусқа қарсы және микробқа қарсы препараттарды, поливитаминаларды, адаптогендерді қабылдау.
9. Инфекцияны өз баласына жеткізбеу үшін өз денсаулығын қадағалау.
10. Егер үйде кондиционер болса оның тазалығын қадағалау.
11. Егер ауырып қалсаныз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, Сізбен және сіздің балаңызбен қарым-қатынаста болған адамдарды жұқтырмау үшін жұмысқа немесе балабақшаға немесе мектепке баруға болмайды.
Ауруханадан тыс пневмония әлемдегі ең көп таралған жұқпалы аурулардың бірі болып табылады және жұқпалы аурулардан болатын өлім себептерінің арасында жетекші орын алады.
Ауруханадан тыс пневмониялар төменгі тыныс алу жолдарының инфекция симптомдарымен, дене қызуының жоғарылауы, жөтел, қақырықтың бөлінуі, кеуде қуысының ауыруы, ентігу және бұрын байқалмайтын ошақтардың рентгенологиялық белгілерімен — өкпеде инфильтративті өзгерістер жүреді. Полипиологиялық ауру болып табылады.
Тұмаумен ауыратын ересектерде 10-15% жағдайда асқынулар дамиды, оның 80% пневмонияға келеді.
Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі берілу механизмі аэрозоль болып табылады, ол ауа-тамшы және ауа-шаң жолдарымен іске асырылады. Инфекция көзі ауру адам немесе қоздырғышты тасымалдаушы болып табылады.
Ауруханадан тыс пневмония адамдар арасында жаппай таралған, спорадиялық ауру және эпидемиялық ошақтар түрінде (көбінесе ұйымдасқан ұжымдарда немесе отбасында) көрінеді.