9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Қаладағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 9 айда атқарған жұмыстарықандай? Бұл туралы департамент басшысы Асхат Жұмағали БАҚ өілдерімен өткен кездесуде айтты. Брифинг барысында жол саласына қатысты мәселелер қозғалды. Айта кетерлігі, «Сапалы жол» жобасы аясында ағымдағы жылы 17 рейдтік шаралар жүргізіліп, 77 кемшіліктер анықталған, оның 50-ге жуығы қалпына келтірілген.

Карантиндік режимде цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Antikor Live» және «Adal Komek» жобалары іске қосылған. Аталған жобалар халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді алаңға айналғандығын атап өтті. Жобалардың жүзеге асырылу сәтінен бастап 460-тан астам тікелей эфирлер ұйымдастырылып, 400 мыңға жуық адам қамтылған.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдаумен 72,5 млрд. теңге сомасына 35 инвестициялық жоба қамтылған. Бизнесті қорғау шеңберінде 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 8 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Асхат Жұмағали — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

НазкенCкандар