4 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Әл-Фараби ауданы қаламызың ең орталық ауданы. Мұнда тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 97%құрап отыр. Одан бөлек, 10 ай көлемінде атқарылған жұмыстар, ауданға тартылған инвестициялар жайында аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді. Маржан Жорабай тарқатып айтады.

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашуға жағдай жасау басты жолға қойылған. Бұл бағытта жыл басынан жалпы 4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. 24 ірі кәсіпкерлік нысанның құрылысы басталып, оның ішінде 13 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 11 кәсіпкерлік нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына және тұрақты жұмыспен 548 адам қамтылып, тартылған инвестиция көлемі 4 млрд құрады.

Ғабит Мәуленқұлов – Әл-Фараби ауданының әкімі

Онымен қоса, ауданда «Орталық қырғы базар», «Дархан» базарын қайта жаңғырту күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Дархан» базарындағы күрделі құрылыс жұмыстарын осы жылы бастап, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда екен. Құрылыс жұмыстарына «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен 100 млн. теңге субсидия бөлінген.Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы аясында 103 азамат әртүрлі салада өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алған.

М. Жорабай