Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңғырту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізді жаңғырудың басты мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу екенін айтады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсеге бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін айтқан болатын.
Еңбекші ауданы бойынша МКБ да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу бағытында тиісті шараларды жүзеге асырып отыр.
Сонымен-қатар Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
Еңбекші ауданы бойынша МКБ есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Калышева Г.