Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 112 құқық бұзушылық анықталды. Бұл «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында белгілі болған. 5 айдың ішінде тіркелген қылмыстардың 6-ы есірткі заттарын сату, 3 дерегі аса ірі көлемде есірткіні сақтаған, сондай-ақ, 14-і құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру жайттары.
p>Арнайы іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 19 келі 386 гр түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.Одан бөлек, шымкенттік полицейлер мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп тұрғындар арасында есірткіге тәуелділікті азайту мақсатында есірткіге қарсы 14 профилактикалық жиын өткізді. Нәтижесінде есепте тұратын есірткіге тәуелді тұлғалар санының 14,6%-ға төмендеген.
Тимур Топишев–Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының бастығы
Сондай-ақ карантин талаптарын елемеген түнгі клуб анықталды. Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылған.. Бірлескен топ өкілдері ағымдағы жылдың 8 қараша күні Асқарова көшесі бойында орналасқан «Москва» түнгі клубы түнгі сағат 01:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағанын анықтаған.
Ө. Мырзабек