ӨСІМДІК МАЙЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Шымкентте өсімдік майы қымбаттады. Кұнделікті тұтынатын тауар құны әр литріне 100-200 теңгеге жоғарылаған. Карантин кезінде онсызда қиналып жүрген жұрт бағаның бұлайша бұлқынғанына наразы. Ал, билік басындағылар болса, барлығына шикізат құнының өсіп кеткені кінәлі дейді. Мақсұт Жарылқасын таразылап көрді.

Негізінде Шымкентте май өндіретін ірі кәсіпорын бар. Бірақ ондағылар қандайда бір түсінік беруден бас тартты. Бірақ әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек, барлығына шикізат құнының жоғарлауы себеп. Оны шетелдік тауар өндірушілерде растаған.  

Анастасия Исмаилова – «Gra Mad» сауда орталығының басшысы

Аударма «Біз өздігімізден ешқашан бағаны жоғарлатпаймыз. Бізге қымбат жеткізіліп жатыр. Сондықтан қымбаттады. Ал, неге олай дегенге келсек шикізат құны жоғары. Өнімділік төмен болған көрінеді.

Негізінде қаладағы өсімдік майының әлеуметтік бағасы 419 теңгені құрайды. Бірақ бұл баға тек қаланың тұрақтандыру қорынан қаражат алатын сауда орындарына ғана тиесілі. Ал, басқа орындарында өсімдік майының бағасы 9,2% -ға өсті. Әкімдіктегілер бұл өсудің апатты емес екенін және баға әлі кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін жазаланатын деңгейге жетпегенін айтады.

Қайрат Базарбеков – Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы

Қазіргі таңда құзырлы орындармен зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар бізде. Бізде тұрақтандыру қорында 300 мың литрге өсімдік майы бар. Біз оны қазіргі таңда оның бағасын бекітіп сауда орындарына белгіленген бағамен шығаратын боламыз.

Бөлім басшысы айтқан 300 мың литр өнім жақын күндері Шымкент дүкендеріне белгіленген бағамен жіберіледі.