«Әлеуметтік желі және қоғам». Бүгін осындай атаумен Шымкент қаласы жастар орталығы ғимаратында семинар-тимбилдинг өтті. Жобаның мақсаты – әлеуметтік желіні оңды пайдалана отырып, табыс көзіне айналдыру. Шарға интернет саласының мамандары мен қаламыздың жастары жиналды.
Әлеуметтік желі – бүгінде бүкіл адамзаттың бір бөлшегіне айналған. Бірі табыс көзі ретінде пайдаланса, енді бірі басқаның өмірін бақылаумен бос уақыт өткізеді. Біздің мақсат – жастарды желіні дұрыс қолдана білуге үйрету, — дейді ұйымдастырушылар.
Рахат Абдиманат — Шымкент қаласы жастар маслихатының депутаты
Тренинг барысында жастар маркетолог, смм мамандарына өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алды. Сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік жеілердегі ки бершабуыл, бұғаттау аясында болды
Қазыбек Әбдуманап – маркетолог
«Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жоба алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Перизат Ортай