ҚОҒАМҒА ЗИЯН ТИГІЗЕТІН ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАР

«Таблиғи жамағат» қозғалысы Қазақстанда қызмет атқарған уақытында ешқашан ресми тіркеулерден өтпей, іс жүзінде белсенді түрде бейресми қызмет атқарып келген.

2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енгеннен бастап олардың іс-әрекеттері тіпті заңсыз болып табылады.

Бұл қозғалыстың діни ұстанымы қоғамның діни-рухани бөлінуіне себепкер болып, оның мүшелері мен ізбасарларының конституциялық құқықтар мен міндеттерді ескермеуі «Таблиғи жамағаттың» деструктивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.

Сондықтан, Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне тыйым салынуы мемлекет тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дер уақытында қабылданған шара болып табылады. 

«Таблиғи Жамағат» қозғалысының негізін 1926 жылы Үндістан азаматы Мухаммед Иляс Әл-Кандахлауи салып, 1944 жылға дейін оға нбасшылық еткен. Бұл қозғалыс радикалистігімен ерекшеленеді, атап айтқанда діни сенімнің кез-келген басқа түрлеріне, исламның шииттік тармағына және оның синкретикалық пайымдауларына қарсы.

Прогрестің қайсы бір түрін исламмен сиыспайды деп таниды және әйелдерді қоғамнан тыс ұстау қағидасын, ислам басқа діндерді ығыстырып шығуы керек деген фанатизм көзқарасын ұстанады. «Таблиғи Жамағат» өзінің жолын ұстаушылардан Аллаға шексіз берілуді, намаз оқуды, өз дініне сенгендерді құрметтеуді және исламға тарту үшін уағыздар жүргізуді талап етеді.