Былтырғы жылыту маусымында 3 өрт оқиғасы орын алды. Биылғы жылыту маусымында бұл көрсеткіш едәуір көбейіп отыр. Алайда, былтырғы және биылғы орын алған өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Бұл жөнінде онлайн өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министріне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, орын алған өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйде орын алған. Өрттің шығу себептерінің 60 пайызы электр сымдары мен құралдарын дұрыс пайдаланбауынан туындаған.
Жылыту маусымынан бастап, күнделікті төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдары және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, 10 мыңға жуық үйді аралап, ондағы 43 мыңға жуық тұрғындарға үгіт — насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың қатысуымен 47 жиын өткізілді.
Сондай-ақ, арнайы техника жұмылдырылып, дауыс зорайтқышы арқылы қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарында, ірі сауда орындарында, өрттің алдын-алу туралы әлеуметтік бейне роликтері көрсетілуде. Бұлжұмыстарға 100-ден астам волонтер қатысып, 5 мыңнанастамтұрғындарғанұсқаулық пен ескертпелертаратылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 бірлік техника сатып алынып, төтенше жағдайлар департаментіне берілді. Департамент қызметкерлері арасында өртке қарсы жауынгерлік даярлық жұмыстары да күшейтіліп жатыр.
Осы орайда, мамандар қала тұрғындарын үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.