ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ДІНДЕР

Ерте  кезеңдерден бері қазақ жерінде  көптеген діндер орын тапқан. Олардың  ішінде әлемдік – будда, христиан, ислам діндері де болды. Олардың негізгі тараған жері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды. Жалпы Жетісуды түрлі діндердің тоғысқан жері деп атайды. Алайда бұл діндерге дейін ежелгі қазақ жерінде неше түрлі діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасып үлгерген.    

Ертедегі  түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Иер-Суб) сыйыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды.

Қазақтардың діни өмірінде шамандық маңызды рөл  атқарған. Шамандық діннің дүниеге  анимистік көзқарастағы ерте түрі деп  саналып жүр. Дүниеге шамандық көзқарас адамдар мен оларды қоршаған дүниені  мекендейтін рухтар арасындағы байланыстырушылар қажет деген сенімге негізделген. Қазақ шаманының (бақсылардың) негізгі міндеті емдеу болған. Олардың негізгі белгілері: қобыз, қамшы, домбыра болған.

Қазақ еліндегі тағы бір маңызды рөл  атқарған дәстүр – отқа табыну. От үй ішінің ғибадатханасы, үйдің қамқоршысы деп саналған. Үлкен үйдің (ата-ана үйі) ошағындағы от от-ана деп аталған.

 Қала  мен дала жұртына осы сияқты «жергілікті» діни наным-сенімдермен қатар дүниежүзілік діндер таралды. Бұл үрдісте Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды. Ежелгі қазақ жерінде зороастризм, манихейлік дін, қазіргі күні әлемдік діндер болып есептелетін будда және христиан діндері етек жайды. Алайда орта ғасырларда ықпалы күшейген ислам діні бұлардың бәрін ығыстырып тастады.

Қазақстан территориясына алғашқы болып тарала бастаған ең көне әлемдік дін –  будда діні болды. Зертеушілер Байпақов К. М., Нұржанов А. және т.б. пікірінше, буддизмнің Қытайға Үндістаннан кіруі Орта Азия арқылы өтті. Бұл процесс б.з.д. І ғасырдың ортасынан басталыпты. Буддизмнің пайда болған жері және уақыты ежелгі Үндістан, б.з.д. 6-5 ғасырларда. Негізін қалаушы Сидхартха Гаутама-санек – Будда – жарықталған.

Христиан  дінінің үш бағыты бар: католизм, православие, протестанизм. Жалпы белгісі – Иисусқа сену (табыну). Қасиетті жазбасы – Библия, әсіресе 2-ші бөлімі – Новый зовет христиандықтықтың шығуы – б.з. І ғасырда Рим империясының Шығыс провинциясы – Палестинада.

Дін– миллиондаған қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі  тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан  қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Тілі басқа, діні бөлек, бірақ мақсаты мен мүддесі бір ұлттар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықтың арқасында тату-тәтті өмір сүріп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша үлес қосып келеді.

 Алайда, соңғы жылдары қасиетті Ислам дінінің негізіне мүлде жат, қарама-қайшы келетін түрлі діни ағымдар еліміздің әр аймағынан жиі бой көрсете бастады. Солардың ішіндегі аса қауіптісі – Хизб-ут-Тахрир партиясы болып табылады. Хизб-ут-Тахрирдің Қазақстанда көрініс бере бастаған жылдары – 1998 жыл. Кейбір деректер бойынша, Орталық Азиядағы жоғарыда аталған елдерде аталмыш партияның 15-20 мыңдай мүшесі бар. Хизб-ут-Тахрир радикалдық-исламдық идеологиялық бағыттағы діни-саяси ұйым болып табылады. Мақсаты – шариғат заңнамаларына негізделген Ислам халифаты мемлекетін орнату. Оның ішінде, жиһад жолымен де халифат құру бар. Яғни мемлекет билігін діни қызметкерлерге – имамдарға беру. Олар өздерін таза ислам жолында жүрміз деп көрсетеді. Бірақ, шын мәнінде, негізгі мақсаты діни білімі жеткіліксіз жұртты алдау арқылы билікке қол жеткізу. 

Хизб-ут-Тахрир ұйымының ұстаған бағыты мен мақсаты әлем жұртшылығын алаңдатып, діндер арасында іріткі салуды көздейтіндіктен, бірқатар елдер бұл ұйымды экстремистік деп танып, оның өз аумағында қызмет етуіне ресми түрде тиым салды.  Қазақстан да осы елдердің қатарына кіреді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі: Берденова К. А. «Қазақстан тарихы», Қазақстан тарихы, І том, Қазақстан тарихы, ІІ том, «Ислам өркениеті» газеті, № 11, Дінислам.Кз сайты