Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту, «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, қоғамдық бақылау институтын құқықтық регламенттеу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру және т. б. бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бастамаларды қарау және іске асыру ұсынылады.

Бастамашылық етілген шаралар кешені ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруге, 2019 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың ұсынымдарын іске асыруға бағытталған, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінен туындайды.

Ұсынылған түзетулерді қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді- деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, агенттік азаматтардың тұжырымдаманы жария талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырады.