Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Мейірбек қажы Сәрсенбаев, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбековтер мен қатар қаладағы барлық мешіт имамдары атсалысып, салауат, ыстиғфар айтып, дұға тілек жасап, арнайы қажет намазы оқылды.
«Санитарлық талаптар мен ережелерді сақтау қажет. Әрбір адамның өмір аманат. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадистерінің бірінде, дұға мұсылманның қорғаны деген. Сондықтан осындай иігі шарада ел амандығы үшін дұға етіп, көп салдауат айтайық», — деді қала бас имамы Б.Нұрматұлы.
Игі шара барысында арнайы мал шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.