ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ХІY ЧЕМПИОНАТ

Ұлттық ат спорты ойындарынан жастар арасындағы 14 чемпионат мәресіне жетті. Байрақты бәсеке 4 спорт түрінен көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан ұйымдастырылды. Республикалық чемпионатқа 9 облыстық спортшылары қатысты. Кіл мықтыда кім мықты?

Көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы ату. Ат спортының бұл түрлері ер жігіттің ептілігін, күшін, батылдығын сынайды.  Әрі бұл ойындар Орталық Азия елдерінде кең қолдауға ие. Ұлттық спортты дәріптегендер бұл жарысқа тың дайындықпен келді. Әрі пандемия кезінде әбден сергіп, тынығып қалған спортшылардың адуыны да мықты.

Әбілхан Дауылбаев – ардагер спортшы

Бұл ойыннан үлкен жетістік көргіміз келген еді. Ойға алған мақсатқа жеттік. Пандемияға қапрамастан, дайындық өте жақсы болды…

Білектілер мен жүректілердің бәйгесі көкпарда Бағдәулеттің бағы жанды. Алты салымның бесеуін қазандыққа дәлдеп, шеберлігін көрсетті. Қазығұрттық өреннің бұл жеңісі өңір спортшыларының биіктен көрінуіне ықпал етті. Нәтижесінде облыс спортшылары командалық есепте бірінші орынды қажығаға байлады.

Бағдәулет Сабыр —  Көкпардан жарыс жеңімпазы

Жеңіс бар. Жетістік – елге абырой. Жарыс жолында аударыспақтан 5 үміткер қатысып, соның төртеуі жеңіс тұғырынан көрінді.

Сырым Ізбасаров – аударыспақтан аға жаттықтырушы

Ат жалын тартып,  дәстүрді жалғаған бала елшіл, халықшыл келеді. Ел дегенде, еміреніп тұрады. Сондықтан да, ұлттық спортты насихаттау келешек үшін кемел іс. Жеңісті жолды жалғағандар марапат алып, марқайды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен медальдар сондай-ақ, арнайы кубоктар табыс етілді.

Г. Қалмырзақызы