Шымкент қаласында жауын шашын сулары ашық ирригациялық арықтар арқылы өзен каналдарға, қала маңындағы шатқалдарға айдалады. Қаладағы ирригациялық жүйелердің жалпы ұзындығы 417,6 шақырымды құрайды. Оның 23 % яғни, 96,05 шақырымы тозығы жеткен, жөндеуді қажет етеді.
Осы мақсатта, орталық 20 көшедегі ұзындығы 51,1 км келетін ирригациялық жүйелерді қайта құруға сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ашық ирригация жүйелерін дамыту және жауын шашын суларын айдау мақсатында 12 көшеге (Абай ауданы — 2850 м, Әл-Фараби ауданы — 3100 м, Еңбекші ауданы — 1272 м) ирригациялық лотоктардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Осы жұмыстармен қатар, жаңадан бой көтерген елді мекендердің орталық көшелеріне, үй аулаларына жиналған суды айдау мақсатында, жергілікті аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде ұзындығы 6,5 шқ келетін 19 мекен жайға ирригациялық арық салу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Сонымен қатар, су басудың алдын алу мақсатында, Жана шек каналының арнасын бетондау жұмыстарына 2020 жылға қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттамалары әзірленуде.