Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша жұмыстар карантин талаптарын сақтау отырып тұрақты жүргізілуде.
Шымкент қаласы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық түсіндірмелік топтар тарапынан мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мекеме ұжымдары және елдімекен тұрғындары арасында онлайн кездесулер өткізілуде.
Осыған орай, бүгінгі таңда ЖОО мен ОАОО-да 18 кездесуде 1987 студент, жалпы білім беру мектептеріндегі 93 кездесуде 8630 оқушылар қатыстырылып, мекемелерде өткен 14 кездесуде 845 қызметкерлер, елдімекендерде өткізілген 8 кездесуде 720 адам қатыстырылып іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы түрлі форматты 133 іс-шаралар өткізіліп, 12 182 жуық адам қамтылған.
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты болуына байланысты 2 қарашадан бастап діни нысандардың есігі ашылған болатын.
Бүгінде Шымкент қаласында 106 мешіт бар. Оның ішінде санитарлық нормаға сай келетін 84 құлшылық ордасында намаз оқуға рұқсат етіліп отыр.
Бірақ 65 жастан асқан азаматтарға уақытша мешітке келуге тыйым салынған. Өйткені, ереже бойынша карантин талаптары сақталуы тиіс.