ШЫМКЕНТ: «ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды.  Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты.  

Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды.  

Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады.  

9,4 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаны «Taza Onim» ШҚ, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «ASM Corporation» ЖШС, «High Yield» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «Каз Агро Трэйд» ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС секілді инвесторлар жүзеге асырады.  

Ал ІІ – кезеңде 2022 – 2025 жылдар аралығында 60 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргзіледі. Онда 20 жоба жүзеге асырылатын болады.

Жобаның жалпы құны — 21,0 млрд теңге. Аталған жылыжай кешендері толығымен іске қосылғанда бір мыңнан аса адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.   

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі