ШЫМКЕНТ: ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласында  752 білім беру ұйымында 26 708 педагог қызмет етеді.  Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептегі педагогтар саны – 15 578.  

Бүгінде олардың 14761-і жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Сонымен қатар, биыл  «Өрлеу» арқылы 8 288-і курстан өтті. 

Одан өзге, «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алған. 

Сондай-ақ, мектептерде 190 ұстаз робототехника курсын, 200 информатика пәні мұғалімі жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсын тәмамдаған. 

Маусым-шілде айларында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жалпы 4879 педагог оқытылған. Ал, тамызда «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі