Мегаполисте күні кеше COVID-19 белгілерімен тағы екі адам тіркелді. Медицина мамандары короновирустың ықтимал екінші толқынына тас түйін дайындалып отыр. Шымкенттегі ПТР зертханалары күніне 3500-ге жуық тест қабылдауға қауқарлы. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мəлімдеді.
Қалада короновирус белгілерін анықтайтын 9 зертхана ашылған. Олар күніне 3500-ге жуық тест жасау мүмкіндігіне ие. Бүгінде тəулігіне 1500 бен 2000-ның арасында тест қабылдауда. Яғни, осы күнге дейін 116 591 ПТР тесті өткізілген. Ал төсек-орын жайлы жеткізсем, қалада 1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған. Қазіргі таңда жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем алуда.
Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Эпидемияның екінші толқынына дайындық кезінде реанимациялық төсектерді жабдықтау мақсатында 314 функционалды төсек 381 дазатор 266 реанимациялық мониторлар сатып алынды.
Басқарма басшысының айтуынша, үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ахуал үнемі бақылауда. Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Десекте қазан айының 28 күні қауіпті вирус белгісімен екі факті тіркелген.
Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Оның біреуі спортшы ол Петропавл қаласынан келген. Екінші 2018-ші жылы туылған жас өспірім Ол өзінің апасы санаторидан келген содан жұқты. Бір жақсы жері кішкентай балдарда симптомсыз жеңіл өтеді. Сол кісілермен болған бүкіл адамдар тексеруден өтті. Олардың анализі теріс шығып отыр.
Айта кетейік, қалада 2020 жылдың 24 наурызынан 29 қазанына дейін коронавирус инфекциясының 5 231 жағдайы тіркелген. Оның 2662-сі симптомды болса, 2569-ы – симптомсыз. Олардың ішінде 5 152 науқас емделіп шыққан. Ал осы жылдың 1 тамызы мен 29 қазан аралығында COVID-19 белгілері мен пневмонияның 985 жағдайы тіркелген.
Ақпарат көзі шымкенттв.кз