4 қараша күні жұқпалы аурулар орталығына коронавирус инфекциясы табылған жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізіледі. Айы-күні жақындаған әйелге дәрігерлер кесір тілігі арқылы ота жасады, осылайша дені сау бала дүниеге келді. Отадан соң науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл түрде ауыстырып, емдеу шараларын қарқынды жүргізген.
Бірер күннен соң жансақтау бөліміндегі азаматшаның денсаулығы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Сегіз күн бойы науқасқа жұқпалы аурулар орталығының мамандары вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде жаңа босанған әйел коронавирус инфекциясынан толық айығып, ауруханадан шықты.
Дертінен сауығып шыққан азаматша ақ халаттыларға алғысын білдірді.
«Менің жанымды аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Ота жеңіл әрі сәтті өтті. Ауруханадан шыққан соң, жаңадан туған қызыммен көрісетініме қуаныштымын”, — дейді инфекциядан жазылып шыққан әйел.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы