ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 564 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында биыл 564 жаңа жұмыс орны құрылған. 

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов баяндады.  

Бұл жылы ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуға жалпы 30,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Оның ішінде, бюджеттік қаржының көлемі – 3 млрд 794 млн теңгені құраса, меншікті қаражат есебінен – 16 млрд 566 млн теңгені құрайды, ал банк кредиттері мен қарыз қаражаты – 10 млрд 139 млн теңге болған.  

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағында 19 147 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 27-сі ірі, 116 орта, 5 861 шағын және 13 143 ұсақ кәсіпкерлік нысандар. Аудан әкімінің айтуынша, олардан жергілікті бюджетке биыл 9 айда 55 млрд 687 млн теңге салық жиналып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54 % артқан.  

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі