Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевқа баяндады.
Денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі пандемия жағдайына байланысты тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен ауруханалардағы төсек-орындардың тапшылығын және заңсыз бағалардың көтерілуін болдырмау, әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, дәрігердің рұқсат қағазынсыз дәрілердің сатылуының алдын алу мақсатында Агенттіктің жанынан жұмысшы топ құрылған.
Оның құрамында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері де бар.
Аталған жұмысшы топпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қала аумағында 41 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 365 дәріхана мен 36 қоймаға қоғамдық бақылау жүргізілген.
Сонымен қатар, 365 дәріханада дәрі-дәрмектердің шекті бағасы көрсетілген QR коды бар афишалар орнатылды – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан.