Бұл туралы бүгінгі брифингте Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.
– Аталған жоба 2019 жылы мемлекеттік конкурстан өткен. Бұл веложолдың ұзындығы 6457 метрді құрайды. Жұмсалатын қаржы – 130 млн теңге, ал құрамы тас, құм қоспасы. Қоспадан кейін шегін тартып, асфальт жабындысы төселеді. Айта кетейік, мұнда тек веложолақ қана емес, жүгіру алаңдарын салу, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың жалпы құны 458 млн теңгені қамтиды, – деді басқарма басшысы.
Ербол Құланбайұлының айтуынша, ұзындығы 1164 метр жүгіру жолы, 676 метрлі жарықтандыру бағаналары орнатылуда. Одан бөлек, саябаққа беседкалар қойылып, абаттандыру жұмыстары қарқын алған.
Айта кетейік, бүгінде құрылыстың 50 пайызы аяқталған. Тиісті мамандар бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық бітетінін жеткізді.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы