Шымкент қаласының аудан аумақтарында жылу маусымында иісті газдан уланудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда.
Сонымен қатар, демеушілер есебінен газосигнализатор құрылғысы орнатылуда.
Абай ауданы әкімі аппаратының мамандары және аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері бірлесе Құрсай елдімекенінің тұрғындарына газдан уланудың алдын алу жөнінде кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, демеушілер тарапынан аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға «газосигнализатор» қондырғылары орнатылды .
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі