Республика бойынша жастар отбасынан кейін құндылықтар иерархиясында екінші орынға — Денсаулық қояды.
Салауатты өмір салтын қолдайтын жастар 79,1% — ды құрайды.
Осы орайда, ұлттық баяндамада уәкілетті орталық мемлекеттік органдарға және үкіметтік емес ұйымдарға жастар арасында денсаулық құндылығының танымалдығы мен тұрақтылығын қолдау ұсынылған.
Салауатты өмір салты репродуктивті денсаулыққа байланысты. Әдетте, репродуктивті денсаулық негіздерінің бірі — зиянды әдеттерден бас тарту, сондай-ақ денсаулықты дер кезінде диагностикалауды орындау және жұқпалы аурулардың болуы болып табылады.
Шымкент қала бойынша 48 қоғамдық жастар ұйымы тіркелген. Оның 15 белсенді қызмет етсе, 4 шетелдік грантпен қаржыландырылады.
Жоғарыда аталған жастар қоғамдық ұйымдары жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спорт түрлеріне жастарды баулу мақсатындағы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларға тартылады.
Жастардың мәдениеттілігін мен экологиялық білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған«ECO SANA» жобасы ұйымдастырылды. Жобаға 14 команда тұрақты қатыстырылып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Келесі жылы жобаның ауқымын кеңейтіп, қаламызды таза, жасыл қалаға айналдыру бойынша ағаш отырғызу, оны күтіп-баптауға жауапкершілікті бекіту, тазалық акциялары ұйымдастырылып, насихаттау шаралары жалғастырылады.
Бүгінде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатындажас өнертапқыштардың өмір сүру ортасын жақсарту, әлеуметтік жобалар, жастарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша «Ұлттық жобалар» байқауы өткізілуде.