Шымкент қаласында «Қазақтану» жобасы аясында «Ұлт үні» байқауы ұйымдастырылды. Шараға өзге ұлт өкілдері қатысып, қазақтың дәстүрлі әндерін орындады. Аталған жоба 2 кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде үміткерлер іріктелсе, екіншісінде қатысушылар концерттік бағдарламада өнер көрсетті.
Аталған жоба «Саз» колледжінде өтті. Бұл байқаудың мақсаты татулықты нығайту. Сонымен қатар, Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармашылығын насихаттау. Сахнаның шымылдығын алғаш болып Нематилло Зкруллаев ашты. Ол Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орындады. Бүгінде қазақ даласында жүзден астам этнос өкілдері ел игілігі жолындағы байыпты бастамаларға үлес қосып жатыр. Сондай-ақ өзге ұлттың азматтары қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында лайықты еңбек етуде.
ГҮЛХАНЫМ ТҰРСЫНОВА-қобызшы
Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия мүшелері 20 нөмірді таңдап алды. Бүгін осы жиырманың қатырына енген өнерпаздардың өнері тамашаланды.
ПАВЕЛ КИМ-әнші
Аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын таппақ. Байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталатын болады.
Айдана Қуанышқызы