Шымкенттің туристік маңызы өте үлкен: бұл Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын торап болып табылатын инфрақұрылымы дамыған ірі қала.
Шымкент қаласында туризмнің дамуына көптеген факторлар ықпал етеді: жылына 300 күн, табиғи-климаттық аймақтардың алуан түрлілігі, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалалардың (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жанында сәтті орналасуы.
Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, оңтүстік өңірлері үшін тірек туристік орталыққа айналуы мүмкін. Қала туристердің ағынын қабылдай отырып, оларды туристік өнімдер туралы хабардар ете алады және оларды әрі қарай олардың жүру бағыттары бойынша бағыттай алады, бұл ретте бір мезгілде өз әлеуетін пайдалана және арттыра отырып, қаланың өзінде қызметтер ұсына алады.
Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар.