ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ОНЛАЙН ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн тренинг өтті.
Онлайн режимде өткен оқыту семинарына 50-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Тренинг барысында адал қоғам қалыптастырудың негізгі бағыттары мен басымдықтары талқыланды.
Шарада қазақстандық саясаткер Зауреш Батталова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Нариман Қасымбеков спикерлік етті.
Онлайн-тренингте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа бағыттары, интерактивті карта арқылы ашық бюджеттерді енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, сондай-ақ азаматтарда парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қарастырылды.
Кездесу соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды рөлі туралы пікір алмасты.