2020 жылдың 10 қарашасында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының конференциясы өтеді.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы 2020 жылдың 10 қарашасында өтеді.
Бұл туралы қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы М.Әйтеновтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының кезектен тыс мәжілісінде қаулы қабылданды.
Конференцияда қала бойынша Сайлауалды бағдарлама бекітіліп, қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім нақтыланады.
Бюро отырысында аталмыш конференцияда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткерлер арасында пікірсайысқа қатысушылар тізімі де бекітілді. Олар:
1. Оспанов Берик Серикович
2. Ташкараев Гани Абдуганиевич
3. Исабеков Данабек Ержанович
4. Бекжанов Берик Айдарбекович
5. Керимбаева Наргиза Абайдуллаевна
6. Елчиева Альбина Балгабаевна
7. Танатарова Жадыра Нагашибаевна
8. Имашев Кайрат Есенбекович
Парламент Мәжілісі және Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін қалыптастыру кезінде «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің «Праймериз өткізу Ережесі» пайдаланылғанын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, қаладағы бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары 6-7 қараша күндері аралығында өткізілсе, аудандық филиалдардың қалалық конференцияға делегаттар сайланатын мәжілісі 2020 жылдың 9 қарашасына дейін өтетіні мәлім болды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы сайлауды конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп белгілеген болатын.